Образование
23.10.2026
«Күзгі асар»
2026 жылғы 23 қазанда Ковыльный орта мектебінде «Күзгі асар» атты күзгі жәрмеңке өтті. Бұл іс-шара «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасы мен «Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар еңбекке деген құрметті қалыптастырады, кәсіпкерлік дағдыларды дамытады, сондай-ақ жауапкершілікке, өзара қолдауға және өз маңдай терімен келген еңбек нәтижесін қадірлеуге үйретеді.
